Әлемдегі жетекші әуежайлар бойынша ТОП-10

ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БАРЫСЫНДА БЕЛГІЛІ ӘУЕЖАЙЛАР ҚЫЗМЕТІ САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТАЛДАНАТЫНЫ АЯН. БҰЛ ЖЕРДЕ ҮШ НЕГІЗГІ САНАТ БОЙЫНША ДЕРЕКТЕР НАЗАРҒА АЛЫНАДЫ: РЕЙСТЕР САНЫ, ЖАЛПЫ ЖОЛАУШЫЛАР АҒЫНЫ, ЖАЛПЫ ЖҮК АҒЫМЫ. НӘТИЖЕСІНДЕ ӘЛЕМДЕГІ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЛЫ ӘУЕЖАЙЛАРДЫҢ ҮШ РЕЙТИНГІ ЖАСАЛАДЫ.

«SKY MAGAZINE» ЖАЛПЫ ЖОЛАУШЫЛАР АҒЫНЫ* ЖӨНІНДЕГІ ТОП-10 КӨШБАСШЫ ӘУЕЖАЙЛАР ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕЛЕЙДІ. 


*Жалпы жолаушылар ағыны – бұл барлық ұшушы, келуші және транзитпен өтуші жолаушылар құрамы. Тізім Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) 2016 жылдың наурыз айына арналған жолаушылар ағымы жайлы дерегіне сәйкес түзілген.

mostinfo.su

1 ОРЫН
АТЛАНТА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХАРТСФИЛД- ДЖЕКСОН ӘУЕЖАЙЫ (Америка құрама штаттары, әрі қарай – АҚШ) – 4 336 306 адам.

Сондай-ақ, «Атланта әуежайы» деп аталады. АҚШ, Джорджия, Атлантаның іскерлік орталық ауданынан оңтүстікке қарай 11 шақырымда орналасқан. Ашылған уақыты – 1926 жыл. Жолаушылар трафигі және ұшып-қону бойынша әлемдегі ең жүктемесі мол әуежай саналады. Әуежайдың 196 шығатын жері, өз метро станциясы бар.

agentika.com

2 ОРЫН
БЕЙЖІҢ ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШОУДУ ӘУЕЖАЙЫ (Қытай халық республикасы, әрі қарай – ҚХР) – 3 862 157 адам.

Бейжің қаласы мен тұтас Қытай елінің алып әуежайы, жолаушылар ағымынан әлемде екінші орында. Бейжің орталығынан солтүстік- шығысқа қарай 20 шақырымда орналасқан. Ашылған уақыты – 1958 жыл. Қытайдың бірінші әуежайы есептеледі. Бейжің метрополитенімен көлік байланысы бар.

uae.arbooz.info

3 ОРЫН
ДУБАЙ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ (Біріккен араб әмірліктері) – 3 618 753 адам.

Әл-Гархуд ауданында, Дубайдың тарихи орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай төрт шақырымда орналасқан Біріккен араб әмірліктерінің ірі азаматтық әуежайы. Ашылған уақыты – 1960 жыл. Әртүрлі терминалдарға тармақталған өз метро станциялары бар.

Avia2.ru

4 ОРЫН
ТОКИО ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ (Жапония) – 3 360 973 адам.

«Ханэда әуежайы» деген де атауы бар. Үлкен Токиоға қызмет көрсететін екі алып әуежайдың бірі. Жапония, Токио, арнайы Ота ауданында орналасқан. Ашылған уақыты – 1930 жыл. Әуежайда Токио монорельсі мен теміржолының станциялары бар.

Avia.pro

5 ОРЫН
ЛОС-АНДЖЕЛЕС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ (АҚШ) – 3 328 127 адам.

Калифорния, Лос-Анджелестің басты әуежайы. Қала орталығынан 27 шақырымда орналасқан. Ашылған уақыты – 1928 жылы. Жолаушыларға тоғыз терминал қызмет көрсетеді. Әуежай аумағы – 14 шаршы шақырым.

туристер.ру

6 ОРЫН
ЧИКАГО ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ О’ХАРА ӘУЕЖАЙЫ (АҚШ) – 3 178 469 адам.

О’Хара әуежайы немесе жай ғана О’Хара ретінде де танымал. Чикаго, Луптан солтүстік- батысқа қарай 27 шақырымда, АҚШ, Иллинойс штаты, Чикагоның солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан ірі әуежай. 1942 жылы салынып, бастапқыда Douglas C-54 әскери-көліктік ұшағын өндіруші тарап қолданған. 1945 жылы әуежай ретінде жұмыс істей бастады.

myavia.com.ua

7 ОРЫН
ЛОНДОН ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ХИТРОУ ӘУЕЖАЙЫ (Ұлыбритания біріккен корольдігі және солтүстік Ирландия) – 3 051 603 адам.

Лондон қаласының ірі халықаралық әуежайы. Еуропадағы жүктемесі бойынша бірінші жолаушылар әуежайы саналады. Лондонның орталығынан батысқа қарай 24 шақырымда орналасқан. 1929 жылы ашылып, бастапқыда әскери әуежай ретінде қолданылған. 5 жолаушылар терминалы мен бір жүк терминалынан тұрады. Соңғы 5-ші терминалды 2008 жылдың 14 наурызында Елизавета ІІ патшайымы ашқан.

аvia.pro

8 ОРЫН
ГОНКОНГ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘУЕЖАЙЫ (ҚХР) – 2 995 000 адам.

Бейресми атауы – Чхеклапкок әуежайы. Оған Чхеклапкок аралында салынғаны себеп және де ескі гонконгтік Каи Так әуежайымен шатастырмау үшін осындай атау таңылған. 1998 жылы ашылған. Қытай мен Шығыс Азияға және Оңтүстік-шығыс Азияға әуе қақпасы және жолаушылар хабы, маңызды аймақтық жүккөлік орталығы болып саналады. Салыстырып қарағанда тарихы қысқа болғанмен, бірнеше рет әлемнің үздік әуежайы атағын жеңіп алған.

aviabilet.ru

9 ОРЫН
ДАЛЛАС ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРТ-УЭРТ ӘУЕЖАЙЫ (АҚШ) – 2 705 572 адам.

АҚШ, Техас штаты, Даллас пен Форт-Уэрт қалалары арасында орналасқан. Ашылу уақыты – 1973 жыл. Әуежай аумағы 7,315 га құрайды. АҚШ бойынша көлемі бойынша екінші (Денвер халықаралық әуежайынан кейін) және әлемде төртінші болып есептеледі.

аrchi.ru

10 ОРЫН
ШАНХАЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПУДУН ӘУЕЖАЙЫ (ҚХР) – 2 673 636 адам.

Пудун ауданының шығыс бөлігінде орналасқан Шанхайдың жаңа әуежайы (Қытай). 1999 жылы ашылған. 2 терминалы бар. Ірі жүк хабы. Магниттік желідегі пойыздар торабы метросымен байланыста жұмыс істеуде.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика