Қазақстан – Еуропа: Ұшуға Рұқсат – Бекен Сейдахметов

СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ, БЕКЕН ҚАНЕЛҰЛЫ! SKY MAGAZINE ЖУРНАЛЫ СІЗБЕН СҰХБАТТАСҚАНЫНА АСА ҚУАНЫШТЫ. ЖЕЛТОҚСАН ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯСЫНА КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ АЛА КЕЛДІ – БІЗДІҢ ӘУЕ ЖОЛДАРЫМЫЗ ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТЫҢ «ҚАРА ТІЗІМІНЕН» ШЫҒАРЫЛДЫ. БҰЛ БІЗГЕ НЕ БЕРЕДІ? КЕЛЕШЕКТЕГІ МҮМКІНДІКТЕР ҚАНДАЙ? БҰЛ «БОСТАНДЫҚТЫ» ПАЙДАЛАНУДЫҢ НАҚТЫ ЖОСПАРЛАРЫ БАР МА?


Сөз жоқ, өткен 2016 жыл азаматтық авиация саласындағы зор жетістіктерімен есте қалды. Бірінші кезекте, Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Инвестиция және даму министрлігінің және Азаматтың авиация комитетінің қатаң бақылауында болған басым мәселенің орындалуы, яғни 2009 жылғы Ұшулар қауіпсіздігі бойынша ИКАО Аудитінің ескетулерінің табысты жойылуы және халықаралық стандарттарға сәйкестік деңгейінің күшейтілуі – маңызды оқиғалар. Бүгінгі күні бұл деңгей Қазқстанда 74%-ды құрайды, бұл Словакия (75%), Португалия (71%), Люксембург (70%), Литва (70%), Молдова (72%) сынды елдердің деңгейімен тұспа тұс келеді. Орташа еуропалық деңгейдің 76% екенін айта кету қажет.

Осындай жағымды нәтижелер негізінде тағы да бір маңызды мақстақа қол жеткізілді – 2016 жылғы 8 желтоқсанда Еуропалық комиссия қазақстандық әуе компанияларының Еуропалық Одақ елдеріне ұшуына қойылған барлық шектеулерді алып тастады.

Алынып тасталған шектеулер отандық әуе компанияларына Еуропаға ұшулар жүзеге асыруға мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде жоғары экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретіні анық. Еуропаға болашағы жоғары бағыттардың ашылуы біздің әуе компаниялары арасында бәсекелестіктің дамуына оң ықпал ететіні сөзсіз, бүгінгі күні халықаралық тұрақты ұшуларды тек екі қазақстандық әуе компаниясы жүзеге асыруда. ЕО елдеріне ұшулар атқаруға тілек білдірген әуе компаниялары үшінші елдердің (TCO) эксплуатантттарына рұқсат беруді алу үшін Ұшулар бойынша Еуропалық агенттіктің міндетті аудитінен (EASA) өтулері қажет.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ҰШУ ҚАУІПСІЗДІГІ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУДА ЕУРОПАЛЫҚ КОМИССИЯ МЕН ИКАО-НЫҢ АТҚАРҒАН РОЛІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖОҒАРЫ БОЛДЫ? ААК-НІҢ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ НАРЫҚТЫҢ ОЙЫНШЫЛАРЫНЫҢ РОЛІ ҚАНДАЙ?

Мұндай жоғары нәтижеге қол жеткізу ұшулар қауіпсіздігін арттыру бойынша жүзеге асырылып отырған шаралардың маңыздылығын Комитет тарапынынан да, сонымен қатар сала субъектілері мен халықаралық ұйымдардың тарапынан ортақ түсінудің арқасында ғана мүмкін болды.

Комитет соңғы жылдары бірнеше маңызды шаралар қабылдады. 2010 жылдан бастап жаңғыртылған Қазақстан Республикасының «Әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы» Заңы қабылданды, ол жүйелі негізде үздіксіз ИКАО стандарттарына сәйкестендіріліп келеді..

Ұшулар қауіпсіздігі деңгейін арттыруға ИКАО-ның қолдау білдіруі де айтарлықтай маңызды үлесін қосты десе болады – 2012 жылы ИКАО-ның Техникалық ынтымақтастық бюросымен (ТЫБ) келісімге қол қойылды, оның негізінде 2013 жылдан 2016 жыл аралығында Комитетте кеңес берушілік және техникалық көмек көрсету мақсатында ТЫБ-ның 14 сарапшысы жұмыс істеді. Комитет қызметкерлерімен бірлескен түрде заманауи халықаралық талаптарға сай және азаматтық авиацияның қызметінің қауіпсіздігіне пәпменді бақылау жүргізуді қамтамасыз ететін авиациялық әкімшілік құру бойынша маңызды шараларды жүзеге асырылды.

Маңызды жетістіктердің бірі ретінде мемлекеттік авиациялық инспекторлардың институтының енгізілуін және еңбек ақының саланың жоғары санатты мамандарының деңгейіне бара бар нақты деңгейінің қамтамасыз етілуін айта кеткен жөн.

Бұған қоса Комитеттің ұйымдастырушылық құрылымы оңтайландырылды және кеңейтілді – барлық негізгі қызмет түрлерін қамтитын бағыттар бойынша құрылымдық бөлімшелер құрылды. Комитеттің штаттық қызметкерлерінің саны 54-тен 75-ке дейін арттырылды, олардың қатарында қазіргі таңда 53 мемлекеттік авиациялық инспекторлар жұмыс атқарады. Сонымен қатар Алматыда еліміздің төрт оңтүстік аймақтарындағы азаматтық авиация субъектілеріне мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жауапты Комитеттің алғашқы аймақаралық аумақтық басқармасы құрылымдалды. Сондай-ақ 2013 жылдан бастап ИКАО Комитеттің инспекторларын оқыту және ұшулар қауіпсіздігі бойынша халықаралық авиациялық стандарттарды енгізу бойынша жобаны жүзеге асыруда.

Әуе компанияларының өздеріне келетін болсақ, Еуропалық комиссия Қазақстандағы ұшулардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді техникалық бағалау жүргізген кезеңде 2016 жылғы 19- 23 қыркүйек аралығында, Комиттеттің сыртында, бірнеше қазақстандық әуе компанияларын бағалау өткізілді, нәтижесінде олар да өздерінің ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейлерін дәлелдеді.

ЖАЛПЫ АЛҒАНДА ААК-НІҢ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ТҰТҚАЛЫ ҰЙЫМ ИКАО-МЕН ҚАРЫМ ҚАТЫНАСЫ ҚАЛАЙ ӨРБІП КЕЛЕДІ? ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ БОЙЫНША ҚАНДАЙ ЖОСПАРЛАР БАР?

Қазақстан 1992 жылдан бастап ИКАО-ның мүшесі болып келеді. ИКАО барлық қатысушыларымен және салалық топтарымен стандарттар мен азаматтық авиацияда ұсынылатын тәжірибеде консенсусқа қол жеткізу мақсатында қауіпсіз, тиімді, сенімді, экономикалық жағынан тұрақты және экологиялық тұрғыдан жауапкершілігі мол азаматтық авиацияға қолдау көрсетеді.

Осылайша Қазақстанның алдында, басқа да Ұйымның 191 мемлекетінің алдында стандарттарды және ИКАО ұсынған тәжіриберді қолдану бойынша талаптарды сақтау мақсаттары тұр.

ҚАЗАҚСТАН ИКАО-НЫҢ ТОЛЫҚ ҚҰҚЫЛЫ МҮШЕСІ РЕТІНДЕ ИКАО-ДА ӨЗІНІҢ ӨКІЛДІГІН АШУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР, СОЛ АРҚЫЛЫ ИКАО-НЫҢ БАСТАМАЛАРЫНДА ӨЗІНІҢ БЕЛСЕНДІ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІК ҚЫЗМЕТТЕРІН АРТТЫРАТЫН БОЛАДЫ

Қазақстан Ұйымның жұмысына белсенді түрде атсалысады, Азаматтық авиация комитеті ИКАО-ны Ассамблеясының сессияларында елімізді өкілеттейді, Ассамлея сессиялары әлемдік азаматтық авиацияның таяудағы бірнеше жыл ішіндегі ғаламдық саясатын айқындайтын орган.

Айта кетер болсақ былтырғы жылы біз 27 қыркүйектен 7 қазан аралығында Монреалде өткен ИКАО Ассамблеясының 39-шы сессиясына қатыстық, сессия барысында қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне баса көңіл аударылды.

Ұшулар қауіпсіздігін арттыру бойынша еліміз қол жеткізген ілгерілеуден соң, ИКАО-мен жұмыс жалғасын тауып қана қоймай және де жаңа нәтижелерге қол жеткізу мен жоғары деңгейді өз дәрежесінде ұстап қалу мақсатында кеңйейтіле түсетіні сөзсіз.

Болашақта Қазақстан ИКАО-ның толық құқылы мүшесі ретінде ИКАО-да өзінің өкілдігін ашуды жоспарлап отыр, сол арқылы ИКАО-ның бастамаларында өзінің белсенді өзара әрекеттестік қызметтерін арттыратын болады. Бұған қоса, ИКАО-дағы Қазақстанның тұрақты өкілдігі біздің мамандарымыздың ИКАО-ның стандарттар мен ИКАО-ның ұсынатын тәжірибесіне өзгерістер енгізу бойынша жұмыс кестесіне араласуына мүмкіндік береді.

Одан кейін келешекте ИКАО Кеңесіне кіру мәселесіне тікелей бағытталған жұмыстар жүргізетін боламыз. ИКАО- ның Кеңесі ИКАО-ның үздіксіз қызмет атқаратын, Ассамблея алдында жауапты органы болып табылады. Кеңестің негізгі міндеттерінің бірі болып халықаралық стандарттар мен ұсынылатын тәжірибелерді қабылдау табылады және Кеңес оларды Чикаго конвенциясына Қосымша етіп енгізеді. Ол Ассамблея үш жылға сайлайтын 36 мүше мемлекеттен тұрады. Кеңеске сайлау кезінде бірінші топқа жататын әуе транспортында жетекші роль атқаратын мемлекеттерге басымдылық беріледі. Екінші топқа халықаралық азаматтық аэронавигацияны қамтамасыз етуге үлес қосатын мемлекттер жатады. Ал елдердің үшінші тобына әлемнің барлық негізгі географиялық аймақтарында қатысуды қамтамасыз ететін мемлекеттер кіреді.

БІЗДІҢ ӘУЕ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРЫМЫЗ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БӘСЕКЕЛЕСТІККЕ ДАЙЫН БА? ОҒАН ААК ҚАЛАЙ ЫҚПАЛ ЕТЕДІ?

Толықтай дайын деуге болады. Комитет отандық әуе тасымалдаушыларына басқа мемлекеттермен әуе желісі туралы Келісімдер мен Мемарандумдар жасауда олардың құқықтарын қорғау арқылы қолдау көрсетеді. Шет елдермен жасалатын келісімдерде тұрақты әуе тасымалын орындаудың тепе теңдік жағдайы қамтамасыз етіледі. Үкімет аралық тепе теңдіктің қағидасы екі тараптың да әуе тасымалдаушыларын анықтауға да, сондай-ақ ұшулардың жиілігі мен қонатын жерді анықтауда да ескеріледі.

Бүгінгі күні Қазақстанның өзге елдермен жасаған барлық үкімет аралық келісімдерінде қазақстандық әуе компаниялардың мүдделерін қорғайтын тепе-тең паритеттік жағдайлар қарастырылған.

ҚАЗАҚСТАН АВИАЦИЯСЫНДА ӘЛЕМДІК АВИАЦИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНА НЕМЕСЕ ИКАО-НЫҢ ТАЛАПТАРЫНА ӨЗІНДІК БАСҚА КӨЗҚАРАС БАР МА? ДАУ ТУДЫРАТЫН ҰСТАНЫМДАР БАР МА?

Мұндай жағдайлар туындаған жағдайда Халықаралық авиация туралы 38 Конвенцияның баптарына сәйкес механизмдер қарастырылған.
Егер мемлекетте белгілі бір себептермен қандай да бір халықаралық стандартты немесе шараны орындауда қиындық туындаса, болмаса ұлттық заңнаманы стандартқа және оларға енгізілген өзгерістер мен қосымшаларға сәйкестендіру қажет болса, бұл мемлекет жедел түрде ИКАО-ны өз тәжірибесі мен халықаралық стандартқа сәйкес орнатылған тәжірибенің арасындағы айырмашылықтар туралы хабардар етеді. ИКАО- ның Кеңесі өз кезегінде халықаралық стандарт пен сол елдің ұлттық заңнамасының арасындағы айырмашылықтар жайлы басқа мемлекеттерге хабарлайды.

Жалпы алғанда Қазақстан халықаралық стандартты және ИКАО-ның ұсынылған тәжірибесін, сонымен қатар оларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толықтай ұстанады.

ӨЗГЕ ЕЛДЕРДІҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ВЕДОМСТВОЛАРЫМЕН КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗУДЕ ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕР ЖИІ ТУЫНДАЙ МА? ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕ КОМПАНИЯЛАРЫ ҮШІН ЕУРОПАЛЫҚ БАҒЫТТЫ БАҒЫНДЫРУДА ҚАНДАЙ ДА БІР КЕДЕРГІЛЕР БАР МА?

Екі жақты қарым-қатынастарда дау тудыратын мәселелер жиі туындайтыны анық. Негізінен мәселелер екі тараптың әуе тасымалдаушыларын белгілеу мен рейс сандарын айқындауға қатысты орын алады. Бұдан бұрын айтып өткенімдей Комитет әрдайым отандық әуе компанияларының мүдделерін қорғайды, жоғарыда аталған даулы мәселелер туындағанда паритет негізінде және екі тарап үшін де ұшуларды жүзеге асыруда тең жағдайға қол жеткізуге тырысады.

Қазақстан Еуроодақ елдерімен Еуропаға ұшырылатын тура бағыттағы авиарейстер жасау үшін құқықтық база жасалған – бүгінгі күні 20 еуропалық мемлекетпен (Мальта, Кипр, Словакия, Словения, Хорватия, Португалия және Румыния елдерінен басқа) келісімдер жасалған.

ЖУРНАЛДЫҢ ӨТКЕН САНЫНДА БІЗ ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДА ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕПТІК МӘЛІМЕТТЕРІН ЖАРИЯЛАҒАН БОЛАТЫНБЫЗ. ОЛАРДЫҢ НЕГІЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӘУЕ НАРЫҒЫНЫҢ ӨСУ АУҚЫМЫ ЖОҒАРЫ ДЕГЕН ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ. АЛДАҒЫ УАҚЫТТА ААК АЛДЫНА ҚАНДАЙ МІНДЕТТЕР ҚОЙЫП ОТЫР? ҚЫЗМЕТТІҢ ҚАЙ БАҒЫТЫН ДАМЫТУҒА БАСА НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ?

Бүгінгі күні Комитеттің алдында жаңа міндеттер тұр,оған қоса қол жеткізілген нәтижелерді дамыту мен сақтау басты назарда болмақ.

Жұмыстың басым бағыттарының бірі болып Комитет қызметін әлемнің озық авиациялық әкімшілігі моделіне бағдарлау есептеледі. Осы мақсаттатағы істердің бағыт-бағдары «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 68 қадамында айқын көрсетілген. Ол бойынша, «Азаматтық авиация комитетінің қызметі Британдық азаматтық авиация агенттігінің үлгісі бойынша дамиды» деп нұсқалады. Британдық агенттік азаматтық авиацияны басқарудағы әлемдегі ең беделді мекемелердің бірі. Оның ИКАО-ның стандарттары мен ұсыным тәжірибесіне сәйкестік деңгейі 93%.

Комитет Агенттікпен ынтымақтастықты 2015 жылдың аяғынан Өзара түсіністік Меморандумына қол қоя отырып қолға алды,

КЕЛІСІМ-ШАРТ АЯСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЖҰМЫСТЫҢ НӘТИЖЕСІ РЕТІНДЕ ҮЗДІК ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ ДЕҢГЕЙІНДЕ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ҮШІН КОМИТЕТТІ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ БОЙЫНША ЖОБАНЫ ТАНУҒА БОЛАДЫ

оның шеңберінде ағымдағы жағдайды зерттеу мақсатында Агенттік мамандарының Қазақстанға бірнеше сапары ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда біз Агенттікпен Комитетке техникалық көмек көрсету мақсатындағы келісім-шарт жасасу бағытында жұмыстар жүргізудеміз. Келісім-шарт аясындағы бірлескен жұмыстың нәтижесі ретінде Комитетті үздік әлемдік тәжірибе деңгейінде қызметінің тиімділігін арттыру үшін трансформациялау бойынша жобаны тануға болады.

Бұған қоса 2017 жылдың қазанында өтетін ИКАО Аудитіне дайындық жүргізу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады. Авиациялық қауіпсіздік бойынша нормативтік құқықтық актілерге оларды үйлестіру және ИКАО-ның халықаралық стандарттарына сәйкестендіру жағынан өзгертулер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аудиттің күтілетін нәтижесі авиациялық қауіпсіздік саласы және жалпы саладағы заңнаманы ИКАО-ның халықаралық стандарттарының әлемдік 72% орташа деңгейіне теңестіру болып табылады.

Жалпы алғанда Комитет алдына саланы реттеудің озық моделіне негізделу және Британдық агенттікпен белсенді байланыс орнату сынды жоғары мақсаттар қойып отыр – олар елімізге әуе тасымалы саласында ИКАО стандарттарын енгізудің көрсеткіштеріне қол жеткізуде біраз жетістіктер әкелмек, ал бұл өз кезегінде Мемлекет басшысының міндет етіп қойған еліміздің әлемнің авиациялық әкімшілігі дамыған 30 елінің қатарынан енуіне мүмкіндік береді

Бұған қоса норма жасаушы қызметтің әрі қарайғы дамуының векторы Қазақстан Республикасы көлік жүйесінің инфрақұрылымын интеграциялау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған, оған сәйкес еуропалық стандарттарды 2020 жылға дейін енгізу көзделіп отыр. Осы шараларды жүзеге асыру тек азаматтық авиация әкімшілігінің ғана емес, толықтай саланың қызметін Ұлыбритания, Германия, Италия және басқа да әлемнің дамыған мемлекеттерінің көрсеткіштеріне жеткізуге бағытталған.

СОҢҒЫ КЕЗДЕРІ АВИАЦИЯ НАРЫҒЫН ЫРЫҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ ӘҢГІМЕ ҚОЗҒАЛЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ НЕНІ БІЛДІРЕДІ ЖӘНЕ ЫРЫҚТАНДЫРУ ҰҒЫМЫНА НЕ КІРЕДІ? БОСТАНДЫҚ ҚАЙ ЖЕРДЕН БАСТАЛАДЫ ЖӘНЕ ШЕГІ ҚАНДАЙ – БЕЛГІЛІ БІР РЕТТЕУ БОЛАТЫНЫ АНЫҚ ПА?

Егер мәселе авиа тасымалдаудың ішкі нарығы туралы болатын болса, ол 2012 жылдан бастап ырықтандырылды, бұл тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалына орындауға рұқсаты бар

әр қазақстандық әуе компаниясы туындаған сұранысқа сәйкес кез келген ішкі маршрут бойынша жүйелі рейстерді жүзеге асыруға құқығы бар деген сөз.
Қазіргі таңда еліміздің аумағындағы ішкі авиа рейстердің ауқымды жүйесі қамтамасыз етілген – ішкі әуе тасымалын 7 қазақстандық әуе компаниясы 42 ішкі бағыт бойынша (аптасына 455 рейс) жүзеге асырады. Рейстердің басым бөлігі Алматы және Астана қалаларынан ұшырылады, Батыс Қазақстан, Шымкент және Өскемен бағыттарындағы барып келу рейстері де танымалдыққа ие.

Халықаралық әуе тасымалы нарығына келер болса, Қазақстан отандық әуе компанияларына қолдау көрсету мақсатында және халықаралық әуе бағыттары туралы екі жақты келісімдер негізінде бірте бірте ырықтандыру жүргізе отырып халықаралық әуе тасымалын реттеу саясатын жүзеге асырып келеді, бұл жерде тасымалдаушылар саны, ұшулар жиілігі бойынша шектеулер ескеріледі.

Бүгінгі күні Қазақстан 59 шет мемлекетпен келісімге отырды, әлемнің 24 мемлекетімен әуе бағыттары орнатылған, Астанадан 25 халықаралық маршруттар жүзеге асырылады.
Биылғы жылы ЭКСПО-2017 көрмесінің өту кезеңінде Астанаға барлық тілек білдірген шетелдік әуе тасымалдаушыларына аптасына 7 рейске дейін (күнделікті) ұшулар орындауға мүмкіндік беретін «пилоттық» жобаны жоспарлап отырмыз. Осыған байланысты қазақстандық және шетелдік әуе компаниялары үшін жаңа бағыттар ашылуы мүмкін. Шетелдік әуе компаниялары бізідің астанамызды Хельсинки және Варшавамен жалғайтын әуе бағытын ашуды жоспарлауда, ал қазақстандық әуе компаниялары Улан-Батор, Түмен, Сиань, Санья бағыттарына ұшулар ұйымдастырмақ.

СІЗ БІЗДІҢ БІРШАМА УАҚЫТТАН БЕРІ ЕЛІМІЗДІҢ АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ «БАСТЫ ТҰЛҒАСЫЗ». ОСЫ УАҚЫТ ІШІНДЕ ҚЫЗМЕТІҢІЗГЕ ЖАҢАША ТЫҢ КӨЗҚАРАСТЫ ҚАЛАЙША САҚТАП КЕЛЕСІЗ?

Қазақстан әлемдік азаматтық авиацияның «үлкен жанұя-сының» мүшесі болғандықтан үздік әлемдік тәжірибелер мен стандарттарға сай болуға ұмтылады. Азаматтық авиация саласының жағдайын дамыту мен ілгерілетуге үнемі ұмтылыс, соның ішінде ұшулар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушыларға қызмет көрсетудің сапасын арттыру мәселелері бойынша, сондай-ақ еліміз, сала және азаматтар үшін пайдалы іс жасау ниеті маған тың көзқарасты сақтап қалуға жәрдем береді.

Әрине, ортақ мақсаттарға жету кәсіби команданың көмегінсіз мүмкін емес. Соңғы бірнеше жыл ішінде Азаматтық авиация Комитетінің штаты сапалық және сандық жағынан жақсартылды. Бүгінде Комитетте жоғары санатты мамандар, өз ісінің кәсіпқойлары – ұшқыштар, инжернерлер, диспетчерлер және басқа да нәтижеге жетуге ұмтылған мамандар қызмет атқарады. Бірлескен үйлесімді іс әрекеттің және кәсібиліктің арқасында жалпы жетістіктерге қол жеткізуге және біздің еліміздің азаматтық авиация саласын дамыту мен жетілдіруге мол үлес қосу мүмкін болып отыр.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика