Жолаушылардың ұшу кезіндегі өзара байланысы жайлы

КЕЗ-КЕЛГЕН САЯХАТ КЕЗІНДЕ БІЗ ЖАҢАДАН ТҮРЛІ ОҚИҒАЛАРДЫ БАСТАН КЕШІП, САН АЛУАН ƏСЕРЛЕР АЛЫП ЖАТАМЫЗ. ҰШАҚТАҒЫ САПАР ДА СОНДАЙ – ҰШУ КЕЗІНДЕ БЕЛГІЛІ БІР КӨҢІЛ- КҮЙГЕ ТҮСІП, ОҢ НЕ ТЕРІС СЕЗІМДЕ БОЛАТЫНЫМЫЗ БЕЛГІЛІ. МҰНДАЙ КӨҢІЛ ТОЛҚЫНЫСТАРЫНА КӨП НƏРСЕ ƏСЕР ЕТЕДІ: КӨҢІЛ-КҮЙ ЖАҒДАЙЫ, АДАМНЫҢ ӨЗІН СЕЗІНУ АХУАЛЫ, ТАЯУДА ОРЫН АЛҒАН НЕМЕСЕ ДƏЛ ҚАЗІР БОЛАТЫН ОҚИҒАЛАР, ҚЫСҚАСЫ АЗ ЕМЕС. АЙНАЛАМЕН СҰХБАТ ҚҰРУ ДА БІРАЗ ƏСЕР ЕТЕТІН АНЫҚ.

БҮГІН БІЗ КЕЗ-КЕЛГЕН ҰШУ САПАРЫНЫҢ АЖЫРАМАС БӨЛІГІНДЕЙ ЕСЕПТЕЛЕТІН ТҰЙЫҚ КЕҢІСТІКТЕ ҰЗАҚ БОЛУ ЖƏНЕ ОСЫНДАЙ СƏТТЕРДЕ АДАМДАРДЫҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ ЖАЙЛЫ ƏҢГІМЕЛЕЙТІН БОЛАМЫЗ.

Ұшақтағы саяхат – бұл үнемі белгілі бір уақыт аралығын еншілейтін, жабық кеңістікте өтетін және көбінесе өзге жандармен тығыз көршілестікте болатын мерзім. Жолаушылардың ұшақтағы өзара әрекеттесуі туралы әңгіме қозғамас бұрын, барлық адамдар білуі және бұлжытпай орындауы тиіс әдеп ережелері төңірегінде ой өрбіткеніміз жөн.

  1. Ұшақ салоны желдетілмейтіні аян. Сондықтан ұшаққа мінбес бұрын жеке тазалық жағына назар аударып, жағымсыз иістердің болмауына, оның ішінде әсіресе тамақ пен әтір иістеріне қатты көңіл бөлген ләзім.
  2. Әлбетте, маңайындағы адамдарға сыпайы қарым-қатынас аса маңызды. Кірберісте қарсы алатын пилоттар, рейс барысында қызмет көрсететін бортсеріктер және қолсозым жерлердегі көрші жолаушылар іспетті ұшақ экипажымен ізетпен амандасыңыз. Ұшақ қонып, діттеген жеріңізге жеткенде, алғыс айтуды ұмытпаған райда жылы лебізбен қоштасыңыз.
  3. Дегенмен, өзіңізге өркениетті тақырып болып көрінсе де, көршілеріңізге немесе экипаж құрамын әңгімеңізбен мазаламауға тырысыңыз.
  4. Таңдауыңыз түскен көлік түрінің қандай маңызда екенін ескерсек, бақытсыз жағдайлар айтылатын орынсыз қалжыңдардан тыйылыңыз. Кейбір адамдар ондайға сезімтал келеді. Жалпы, мұндай қисынсыз әзілдер ұшу кезінде көп адамға ақылға қонымсыз, әрі ұнамсыз болып көрінетіні анық.
  5. Креслолардың орналасу ретін де есте сақтаңыз. Креслоның арқасын жантайтарда арттағы көршіңізді абайлап, ортадағы орындық сияқты ыңғайсыз орында қасыңыздағы жолаушыға қол қоятын жерді бос қалдырыңыз.

Мұндай қарапайым ғана ережелерді орындау арқылы, ұшу кезіндегі жағымсыз жайттарға жолықпаудан бөлек, айналаңызда сый-құрметке бөленіп, әрі қарайғы әңгіме емен-жарқын күйге көшуі мүмкіндік аласыз. Жақсы таныстар да табуыңыз ықтимал. Өйткені, көп адамдар ұшақта өзге жолаушылармен әңгімелесіп отырғанды құп көреді. Жабық кеңістік пен жолаушылардың тығыз отыруы да бұған ықпал етеді. Алайда, бөгде адамдармен әңгімені бастап кету қиын. Оның үстіне жоғарыда айтылған әдеп ережелері бар. Бұл тұста да жай ғана әңгіме бастап кетуге септігін тигізетін бірнеше кеңесіміз дайын.

1. Амандасу. Сұхбаттың ең алғашқы әрі жеңіл тәсілі сәлемдесу мен жұмсақ жымиюдан тұрады. Одан кейін өз атыңызды айтып, танысасыз. Сәйкесінше көршіңіз де бас изеп, есімін жариялайды.

2. Қызығушылық таныту. Бәрінен бұрын көршіңіз жайлы бір ғана сұрақ қою арқылы білуге болады. Ол «Қайда ұшып бара жатырсыз?» дегендей жеке басқа қатысты сауал болуы мүмкін. Егер көршіңіз әңгімешіл болса, біраз сырласуға жол ашылады.

3. Ортақ қызығушылық. Екі адамның қызығушылығы бір арнадан табылса, тез тіл табысуы да оңай. Әрдайым солай. Белгілі бір ұқсастық, сәйкестік мәнін анықтау үшін, көршіңізден нені ұнататынын сұраңыз. Мәселенки, «Ұшаққа отырғанды жақсы көресіз бе?» деп сауал тастаңыз да, өз ойыңызды айтыңыз. Мұндай бейтарап сұрақтар көп. «Саяхат жасағанды жаныңыз сүйе ме?», «Келесі еңбек демалысында қайда сапар шегесіз?», «Қандай елде болғанды қалайсыз?» және тағы басқа.

4. Достық ниетті аңғарту. Жағымды қалыптағы әңгімені жалғастыру үшін сұхбаттасушыңызға сеніміңізді білдіртіп, көңілін аулаңыз. Бастапқыда тәжірибесі мен ой-көкжиегіңізге иек артып, кеңесіне жүгініңіз (қандай қонақ үйге аялдаған жөн, қалай жылдам жетсе болады, қайда тамақтанған абзал дегендей). Екіншісі көршіңізге өзі жайлы көбірек әңгімелеуге мүмкіндік беріңіз (отбасы, жұмыс, әуесқойлық, ермек). Әрине, өз ойыңыз бен әсеріңізді де бөлісіп, толық құрмет пен сыйластық сезімін байқатыңыз.

Қызықты әрі жайбарақат әңгіме кезінде ұшақ та діттеген жерге тез жетіп, жолаушылар да оң әсерде басқа адамдармен әңгімелесіп жадырап қалады. Осындай ұшақтағы сапарларда жиі жаңа таныстықтар орнап, пайдалы іскерлік байланыстар пайда болып жатады. Көршіңізге ол кісімен әңгімеңіз ұнап қалғанын сездіртіп, әрі қарай да байланысты ұстап қалуға пейілді екеніңізді жеткізіңіз: өзара мәліметтер, электрондық пошта мекен жайын алмасып, әлеуметтік желіде «достасып» алыңыз.

Фото дереккөзі: www.rd.com

ДЕГЕНМЕН, SKY MAGAZINE ЖУРНАЛЫН ОҚУ ЛƏЗЗАТЫН ЕШТЕҢЕ АЛМАСТЫРА АЛМАЙДЫ ДЕСЕҢІЗ, БІЗДІҢ САРАПШЫ-ПСИХОЛОГЫМЫЗ СІЗГЕ ӨЗ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫҢЫЗДЫҢ КЕЙБІР ҚЫЗЫҚТЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН БІЛУГЕ КӨМЕКТЕСКІСІ КЕЛЕДІ. ОЛ ҮШІН КЕЛЕСІ ТЕСТТЕН ӨТУДІ ҰСЫ-НАМЫЗ

Әр жауапты оқи отырып, әрқайсын тиісінше бағалаңыз:

әлбетте рас — 5 ұпай; ақиқатқа жақын — 4;
кей кезде — 3;
ақиқаттан ауылы алыс — 2; мүлде олай емес — 1.

  1. Мен ғажайып, жарқын түстер көремін.
  2. Қандай да бір жұмысқа кірісерде, белгілі бір әрекет жоспарына байланғым келмейді, көбінесе түйсігіме сүйенемін.
  3. Кейбір мен қабылдаған маңызды шешімдер айналама әсер етеді.
  4. Театрға барғанды және өлең оқығанды, сурет салғанды жақсы көремін.
  5. Ұқыпты емеспін.
  6. Өзімді қайсыбір жануар ретінде оңай елестетемін.
  7. Үй ішінде әр нәрсе өз орнында тұрғаны еңсемді түсіреді.
  8. Мені ренжіту, өкпелету оңай.
  9. Өзіме жақын адаммен бірдеңе болса, өзім соны бастан кешкендей күй кешемін.
  10. Кино мен театрда немесе көркем әдебиетте, оқиға желісінің бұлыңғыр болып, тылсым перденің артына жасырылғанын қалап тұрамын.
  11. Ой-сезімім құбылмалы, бір күйден екіншісіне ауысқанын байқамай қаламын.
  12. Кейбір кезде мені біреу атымды атап шақырғандай болады. Бірақ бұрылып қарағанда ешкімді көрмеймін.
  13. Бәрі өз міндетін дәл білетін, кім неге жауап беретінін нақты түсінетін ұйымды ептеп іш пыстыратын деп айтса болады.
  14. Арман құшағына сүңгіп, қиялыма қанат бітіргенді ұнатамын.
  1. Меніңашықтығымменкейбірадамдарғатымжақындығым өзіме мәселе туындатады.
  2. Балалық шақтағы бастан кешкендерім мен сезімдерімді есіме түсіру оңай.
  3. Мінез-құлқында ауытқушылық бар және ондайдан ада адамдар арасын нақты ажырату оңайға соқпайды.
  4. Ең күшті ата-аналар, ол – балалығы толық тарқамағандар.

ҰПАЙЛАРДЫ ЖИНАҚТАП, ҚОРЫТЫНДЫ НƏТИЖЕМЕН ТАНЫСЫП ӨТІҢІЗ.

КЕМ ДЕГЕНДЕ 25 ҰПАЙ

Жалған өмірдің қызықтарына аса көп ләззат ала қоймайсыз. Айналамен байланысты кейбір қиындықтарға жолығасыз. Алайда, аяғыңызға нық тұрғаныңызға шүкіршілік етесіз. Сізді сабаңыздан шығару қиын. Асығыс шешімдер қабылдауға құмар емессіз. Сезімге емес, қисынға сүйенесіз. Біздің кеңес: тым тұйықталмаңыз, үй ішінде көбірек мейірім танытыңыз.

26-50 ҰПАЙ АРАЛЫҒЫ

Мінез-құлық сипатыңыз орташаға жақын, бұл жаман емес. Ұстамды бола білсеңіз, табыс кілтін табу да қиынға соқпайды.

50 ҰПАЙДАН ЖОҒАРЫ

Бәлкім, жан-жағыңыздағы жағымсыз көріністерге сезімталсыз. Бәрінен бұрын қатты дыбыс пен ашық түстерден зардап шегесіз. Көңіл-күйіңіз де құбылмалы, тез ауысады. Мұндай сипаттар шығармашыл тұлғаларға тән. Барлық жағдайға неғұрлым сабырлы қарап, көлденең көк аттыға сырыңызды ашпауға тырысасыз..

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика