Болмасаң да ұқсап бақ…

SCAT» ƏУЕ КОМПАНИЯСЫ АЛМАТЫ ƏУЕЖАЙЫМЕН БІРЛЕСЕ ОТЫРЫП, БАЛАЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МАЗМҰНЫ ДА БАЙ, СЫРТ КЕЙПІ ДЕ СҰЛУ АКЦИЯ ӨТКІЗДІ. АВИАЦИЯНЫҢ ЖАС ЖАНАШЫРЛАРЫ БҰЛ КҮНІ ПИЛОТ ПЕН БОРТСЕРІК КИІМІН КИІП, БОЙЛАРЫНА ӨЛШЕП КӨРДі. БАЛҒЫНДАРДЫҢ ШАТ-ШАДЫМАН КҮЛКІСІНЕ ТОЛЫ ТАМАША ФОТОСЕССИЯ ЖАЙЛЫ БІЗГЕ «SCAT» ƏУЕ КОМПАНИЯСЫ» АҚ РR-ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨКІЛІ ВИКТОРИЯ СТАРОЖИЛОВА ƏҢГІМЕЛЕП БЕРДІ.


МҰНДАЙ БАЛАЛАРҒА БІР СƏТ ҚИЯЛ ƏЛЕМ НЕ СҮҢГІП, ӨЗДЕРІН НАҒЫЗ АВИАТОР СЕЗ НУГЕ МҮМКІНДІК БЕРГЕН ТЫҢ ДА ҚЫЗЫҚТЫ ИДЕЯ ҚАЙДАН ПАЙДА БОЛДЫ?

Өкінішке орай, қазіргі уақытта Қазақстанда болсын, жалпы әлемде болсын, кәсіби кадрлар тапшылығы күнтәртібінде өткір тұр. Сондықтан алдымызға келешек авиаторларды бала кезінен тәрбиелеу жайлы мақсат қойып отырмыз. Бұл үшін, әрине, балалардың бойында авиация саласына деген қызығушылықты ояту керек. Міне осындай зәруліктен қызықты әрі танымдық тақырыптық шаралар өткізу қажеттілігі туындауда. Балаларды қорғау күніне орайластырылған тиісті тәжірибені алғашқы рет қолға алған жоқпыз.

Аталмыш авиациялық фэшн-жоба идеясы жиі талқыланып, әбден пісіп-жетіліп барып, біраз уақыт бұрын дүниеге келгенін атап өткен жөн. Алматы әуежайымен тізе қосқан райда, кәсіби фотографтарды тартқан күйде, бұл ойды ағымдағы жылдағы балалар мерекесі барысында нақты іске асыра алдық. Фотосессияға әуежай қызметкерлері мен фотосуретшілердің ұл-қыздары қатысты.

БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН КИІМДІ ҚАЙДА ТІКТІҢІЗДЕР ЖƏНЕ ОЛАР БАЛАЛАРДА ҚАЛДЫ МА?

Балалар формасын Алматыдағы осы іске маманданған фабрикалардың бірінде тіктік. Корпоративтік әдеп ережелеріне сай, балалардікі болса да, арнайы киімді жеке қолданысқа бере алмаймыз. Дайындалған үлгілер, әрі қарай да пайдалану ықтималдығымен, компанияда сақталуда. Мәселен әлі де фотосессиялар мен түрлі шаралар шымылдығын түріп жатса ғажап емес.

© Елена Сергиенко

 

БҰЛ КИІМДЕР ЕРЕСЕК БУЫНДАҒЫ АВИАТОРЛАРДЫҢ КИЕТІН ДҮНИЕСІН АЙНА-ҚАТЕСІЗ ДƏЛ ҚАЙТАЛАЙДЫ ДЕСЕ БОЛАДЫ МА?

Тура сондай көшірмесе болып шықпаса да, барынша ұқсатуға тырыстық. «Болмасаң да ұқсап бақ» дейді ғой…

SCAT ПИЛОТТАРЫ МЕН БОРТСЕРІКТЕРІНІҢ ІС ЖҮЗІНДЕГІ КИІМ ЖАЙЛЫ ТОҚТАЛАР БОЛСА, ОНЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?

Төл әуе компаниямыз ұшақтың безендірілуінен бортсеріктердің үстіндегі киіміне дейін өз күшімен жасап шықты десек, әбестік етпес. Ал ол жылдары Қазақстанда дизайнерлік және имидждік агенттіктер жоқтың қасы еді. Дегенмен бүгінде де сол кезде төккен тердің текке кетпегенін мақтан тұтып, жемісіне толық көңіліміз толады.

Әуе компаниямыздың туристік бренді «Sunday» туралы әңгіме қозғар болсақ, бұл жерде бәрі мүлде басқаша кейіпте. Sunday іргетасын қалау шағында міндет ауқымды да айқын еді: чартерлік және тұрақты тасымалдың аражігін бөлу. Кәсіби жарнама агенттігін таңдаудан фирмалық кескін-келбетті түбегейлі бекітуге дейінгі үлкен жұмыс көлемі еңсерілді. Нәтижесі де көз сүйсіндірерлік, әуе кемелеріміз кәсіби фотографтар мен споттерлерді өзіне еріксіз баурап, Sunday бірегей сипаты жолаушылардың көңіл-күйін жадыратып, жазғы демалыстың шуағын сездіртуде.

SCAT AIRLINES КИІМІНЕН ҚАНДАЙ КӨҢІЛ-КҮЙ ҰШҚЫНЫ СЕЗІЛУІ ҚАЖЕТ?

Кәсібилік пен сенімділік ұғымдары. Бортсеріктің тұла бойынан салмақтылық пен сымбаттылық қасиеттері аңғарылып, жолаушы компания өкілі, оның атынан қызмет ететін тұлғаның қандай жағдайда болмасын көмектесетінін түсінуі керек.

БОРТСЕРІК КИІМІНДЕГІ БІР НƏРСЕНІ ӨЗГЕРТЕ АЛАДЫ МА ƏЛДЕ СЫРТ КЕЛБЕТТЕ ҚОЙЫЛАР ТАЛАП БҰЛЖЫТЫЛМАУЫ ТИІС ПЕ?

Әрине, жалпы ережелер мен талаптар бар. Мәселен, бортсеріктің бойы мен салмағына барша дүниежүзіндегідей белгілі бір шарттар межеленген. Ресми киім тұрғысында, әуе компаниямыздың Жарғысына сай, қызметкер оған ешқандай өзгеріс енгізуге құқығы жоқ. Осы Жарғыда қалай киіп жүру яки тыйым салу жағы егжей-тегжейлі жазылғандай, киімді кию қағидаттарынан ауытқымау міндетті.

ЕГЕР АДАМ КОМПАНИЯДАН КЕТІП ЖАТСА (МЫСАЛЫ ЗЕЙНЕТКЕ), КИІМ СОЛ ЖАННЫҢ ИЕЛІГІНДЕ ҚАЛАДЫ МА?

Егер қызметкеріміз жұмыспен қош айтысып жатса, киімнің өзінде қалатыны даусыз. Алайда ескертерлігі, оны әрмен қарай киюге не сатуға болмайды. Бұл компания кодексінде анық нұсқалған және қызметкермен келісімшартта байыпталған.

ҚАТАРДАҒЫ ҚАРАПАЙЫМ ПЕНДЕ БАЛАСЫ «SCAT»? ƏУЕ КОМПАНИЯСЫ КИІМІНЕ ТАПСЫРЫС БЕРІП, АЛЫП ЖАТСА, КИІП ЖҮРЕ АЛАДЫ МА?

Бөгде жан компаниядан киімге тапсырыс түсіре алмайды. Бұл компаниядағы кодекс қағидаттарына қайшы. Бірақ біреулер өзіне сондай киім тігіп алуға құштарлық танытса, оның қолын ешкім қақпайды.

ЖЕКЕЛЕГЕН САЛТАНАТТЫ ҚЫЗМЕТТІК КИІМ ТҮРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН БА?

Әзірге жеке-дара тігілген салтанат киімі жоқ. Алайда оны дүниеге әкелу мүмкіндігін ойластырудамыз. Кейбір мерекелерге қатысты біз киімнің сәндік тұстарын мейрам мағынасына сай үндестік табатындай әшекейлеуге тырысамыз. Сөзімізге дәлел, осы жылы жаңажылдық думан шеңберінде «SCAT» әуе компаниясы бортсеріктері киімінің жағалары мен жеңдері жаңаша әсемделіп, көрікті реңкке Аяз атаның бас киімін қостық. Наурыз мейрамын тойлауда арасында жолсеріктеріміз ұшақта ұлттық киімде қызмет көрсетеді.

SCAT Airlines бортсеріктер қызметі басшысының орынбасары Гүлнəр Мұханбетиярова, авиаторлардың тыныс-тіршілігінде үстіндегі киіміне қандай ұқыптылықпен қарайтынын жақсы біледі. Өйткені нəзік жанды кейіпкеріміз дəл осы жайттың əсерінен баянды ғұмырын əуе көлігіне арнап, ақ-адал еңбегінің арқасында Қазақстанның еңбегі сіңген авиаторы дəрежесін иеленген.

«Бортсерік болуды, сонау балалық балдәурен шақтан, мектеп қабырғасынан армандадым. Айналамызда авиаторлар отбасылары көп өмір сүріп, олардың ашық әрі әдемі киіміне қызыға қарайтынмын. Балалық кездегі алған әсердің құдыреті сол, есейгенде де үнемі жадыда жаңғырып, өміріне қатты ықпал етеді. Кішкентайымнан қиялыма қанат бітірген көріністер, көкке самғауға деген арманымды одан сайын бекіте түсті. Сондықтан мектеп бітірісімен, бірінші кезекте бірден әуежайға жұмыс іздеп бардым. Жасым әлі 18-ге де толмаған, соны ескере келе, жарты жылдай уақытқа әуежайдың тасымал бөліміне орналастырды. Ақыры кәмелет жасқа толып, Алматыдағы жаттығу орталығына оқуға қабылдандым. Оны тәмамдаған соң, ықылыс-ынтама қарай, бортсерік болып істей бастадым. Көптен сарыла күткен ұшу сапарына 1986 жылы жеткіздім. Биыл міне аспан әлемін шарлағаныма 30 жыл толмақ. 2015 жылы Азаматтық авиация комитетінен маған, саладағы тәжірибем мен еңбегімді елеп, «Құрметті авиатор» атағы берілді.

Бақытыма орай, сүйікті ісімді жеке өміріммен байланыстыра алдым. Отбасы, ошақ қасында ұлым мен қызым ер жетіп келеді. Туғандарыма алғысым шексіз. Өйткені олар менің үйде ұзақ болмайтын жұмыс бабыма түсіністікпен қарап, төзімділік танытатын. Балаларды күтіп-бағуға анашым жәрдемін аямады. Ардақты жан алдында басымды төмен иемін. Балалар мені сағынғанмен, тоса білетін. Тек бір күні ол кезде әлі құртақандай ұлым, апта бойы үй табалдырығын аттамаған мені тоса-тоса шаршап, әжесіне айтатын көрінеді: «Теледидардан көрсететін бағдарлама бар ғой, іздеген адамды тауып беретін. Соған хабарласайықшы, мамам ұшып келсін», деп.

Қазір басшылық орында отырғандықтан, бұрынғыдай емес, азырақ ұшамын. Алайда шексіз қызықты әрі сан қырлы өз кәсібіме деген махаббатым мысқалдай да әлсіреген жоқ. Бастапқыда, жас маман кезімде, жаңа жерлерге ұшқанда бойымды шаттық сезімі билейтін.

Қазақстан мен Кеңес одағының саналуан көріктегі сырбаз қалаларынан бөлек, шетелде де сұлулығы сөзбен айтып жеткізгісіз орындар рухани байлытып, көкжиегімді кеңейтті. Бүгінде болса, жұмысымда бейтаныс, бірақ берері мол өрелі адамдармен жиі жүздесемін. Армения, Грузия, Литва, Ресей сынды әр түрлі елдердегі әріптестеріммен танысқанды жақсы көремін. Түрлі тағдырлар мен тарих беттері, пікірлер тоғысы – осының барлығы өзіне магниттей тартады. Сонымен қатар, біздің кәсіптің шырқау шегіне жету қиын, үнемі оқып, біліміңді жетілдірумен боласың. Мәселенки, Санкт-Петербор авиация орталығының сертификатын алысымен, жас бортсеріктерге сабақ беріп, жинаған тәжірибеммен, біліміммен бөлісе бастадым. Бұл да болсын, қызметімдегі жаңа дәуір, жаңа кезең!»

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Яндекс.Метрика